Көкшетау қаласында Гормолзавод студенттерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де өте маңызды. Себебі жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдай алады, ал жұмыс іздеп жүрген жастар мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады. Жастар ресурстық орталықтары қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бойынша қызметтер көрсету болып табылатындықтан, жастарды жұмыспен қамту басты назарда.
Жастарды жұмыспен қамту аясында ЖРО бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып тұрады. Бүгінгі күні осындай бос жұмыс орындар жәрмеңкесін «Гормолзавод» ЖШС-де Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы ұйымдастырып, өткізді. Айта кету керек, аталмыш жәрмеңкелерді облыстық ЖРО әр тоқсан сайын өткізіп отырады.
Іс-шараның басты мақсаты – жұмысқа орналасу, өндірістегі жұмысты көрсету, сондай-ақ өзінің ашық бос жұмыс орындары туралы әңгімелеу болды. Аталған жәрмеңкеге «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттері, Көкшетау қаласының жоғары медициналық колледжі, жастар арасында жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері және «ГОРМОЛЗАВОД» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Шара барысында кәсіпорын бойынша экскурсия, сондай-ақ өнімдердің дәмін тату өткізілді.
«Көкшетау Гормолзавод» ЖШС ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді. Сенімділікті арттыратын маңызды мерзім екенін атап өткім келеді. Аталған зауыттың қызметкерлері қатысушылармен аталған кәсіпорынның тарихы және сүт өнімдерін сату туралы мәліметпен бөлісті.
Жалпы, іс-шара өте қызу өтті. Көптеген қатысушылар зауыт туралы біраз ақпарат алды. Кейін қатысушыларға кәсіпорын бойынша арнайы экскурсия жүргізілді. Осындай бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің форматы бірінші рет өткізіп отырған жоқ екені туралы ескерткіміз келеді. Жалпы жәрмеңкеге 50-ге жуық студент қатысты», — деп «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру» бөлімінің басшысы Мақпал Жанарисова атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ