Орал қаласындағы №32 мектеп Google картасында «Артем Куделькин атындағы №32 мектеп» деп көрсетілген, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Мектеп атауы оқушының картада құрметіне қойылған. Белгілі болғандай, атауды өзгерткен — жақында басқа мектепке ауысып кеткен 6-сынып оқушысы Артем Куделькин.
Бала бұрынғы мектебінің атауын Google картасында өз атына ауыстырғанымен, оны қалай кері қайтаруды білмей қалған. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды байқап, бәрін қалпына келтіруді талап еткен.
Google картасында мұндай өзгерістерді кез келген қолданушы ұсына алады. Егер өзгеріс модерациядан өтсе немесе басқа қолданушылар қолдаса, картада автоматты түрде жарияланады.
Қазір мектеп әкімшілігі Google картасы арқылы ресми түрде түзету сұранысын жіберіп жатыр. Атаудың бұрынғы қалпына келуі біраз уақыт алуы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру