«Ғани Бейсембаев, Сіз өзі барсыз ба бұл әлемде?» – Журналист министрді үнсіздігі үшін сынға алды

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа үндеу жасап, оның ел ішіндегі өзекті мәселелерге көз жұма қарауына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Журналист соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан «Magnum» гипермаркеті айналасындағы дауға министрдің ешқандай реакция білдірмегенін сынға алды. Бұл оқиғада қарапайым курьер – Еркін есімді азамат жұмысынан айырылған. Ал оған себеп – бір мектеп мұғалімінің арызы. Журналист бұл мұғалімді блогер деп сипаттап, оның әрекетімен келіспейтінін жеткізді.

«Курьерді жұмыстан шығартқан – мұғалім, жап-жас жігіт. Аты-жөні – Асылхан Алимханович. Қазір ТикТок-та белсенді. Ал жұмыстан қуылған көпбалалы әке – ауылдан шыққан, қазақ тілін қорғағаны үшін нәпақасынан айырылды», – дейді журналист.

Бибігүл Дәулетбекқызы мұғалімнің әрекетіне қарап, оның оқушылары қандай тәрбие алатынын да сұрақ етіп қойды. Оның айтуынша, тіл үшін дау шығару – провокацияға айналған. Бұл дауға біржақты қарап, курьерді жұмыстан босатқан гипермаркет басшылығының шешімі де журналисттің наразылығын тудырған.

Сонымен қатар ол Ғани Бейсембаевтың әлеуметтік желідегі үнсіздігіне, ел ішіндегі резонанс тудырған оқиғаларға қатысты ешқандай пікір білдірмейтініне тоқталды. Бұған мысал ретінде ол Семейде соққыға жығылған жетім баланың және Атырауда көк туды қорлаған хиджаптағы оқушы қыздың оқиғасын келтірді.

«Сіздің парақшаңызда бәрі керемет. Өмір деген тамаша. Ал елдегі шын жағдай ше? Бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов сынға қарамастан, әр даулы мәселе туралы үн қататын. Ал сізден үн жоқ», – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Журналист министрге кеңесші болуға дайын екенін де білдірді. Оның айтуынша, Бейсембаев халықпен әлеуметтік желі арқылы тығыз байланыс орнатуы тиіс.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!