Гүлвира Дөненбаеваға қатысты іс сотқа берілді

Доненбаева
Фото: gov.kz

Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды.

«Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады, ол өз бөлімшесіне ауысқаны үшін аудандық буын қызметкерінен едәуір мөлшерде пара алды деп айыпталуда», — делінген Антикор хабарламасында.

Жоғарыда аталған лауазымды адамдардың барлығы парақорлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

20 мамырда облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді, деп атап өтті Антикорда.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның қамауға алынғаны 2023 жылдың қыркүйек айында белгілі болған еді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бiрге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабының 1-бөлiгiне сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.