Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан ойсырата жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің екінші туры матчында Словения құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Кездесу Люблянадағы (Словения) «Стожице» стадионында өтіп, 3:0 есебімен Словенияның жеңісімен аяқталды. Словения бірінші таймда екі жауапсыз гол соқты. Бес минут ішінде Беньямин Шешко дубль жасады (23 және 28 минуттар). Үзілістен кейін Шешко хет-трик жасады (63 минут). Неміс «РБ Лейпцигінің» шабуылшысы басымен ұрып, үшінші гол салды.    
Барлық жаңалық