Жаңалықтар

«Филиппин құдалар»: Шетелден келген ата-анасын күтіп алған келін көпшіліктті жылатты (ВИДЕО)

Қазақ жігітке тұрмысқа шыққан филиппиндік қыздың Қазақстанға келген әке-шешесін күтіп алған сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтемемен. Белгілі болғандай Қазақстанға оның ата-анасы мен бауыры құдаларымен танысу үшін арнайы келген. Желіде тараған видеодан туыстарын қобалжып, асыға күтіп тұрған келінді көруге болады. Оның жанында қазақ күйеуі мен ата-енесі де болған. Жақындарын көрген бетте филипин қызы бірден анасына жүгіріп, оған қолындағы гүлін табыстаған. Кейін әкесімен және таң-тамаша болып тұрған бауырымен қауышқан. Осы бір сәт жайында желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Інісі әпкесін қатты сағынбаған сияқты", "Негізі Филиппин және Таиланд елінің адамдары қазақтарға қатты ұқсайды", "Елімізге қош келіпті!" деп жазды олар.
 
Bu gönderiyi Instagram'da gör
 

Qara Almaty (@qara_almaty)'in paylaştığı bir gönderi

Барлық жаңалық