Еуропарламент депутаттары Ресейде өткен президент сайлауын әділ және заңды деп санаудан бас тартты, сондықтан сайлау нәтижелерін мойындамауға шақырды.
«Еуропалық парламент мүшелері Еуроодақ елдері мен халықаралық қауымдастықты Ресейдегі президент сайлауының нәтижелерін заңды деп танымауға шақырады, өйткені олар Украинаның заңсыз басып алынған аумақтарында өтті және Ресейдің өзінде де еркін де, әділ де болмады. »
– делінген қаулы мәтінінде.
Еске салайық, наурызда ресейліктер Путинді бесінші мерзімге қайта сайлады. Ресми мәлімет бойынша, ол сайлауда 87 пайыздан астам дауыс жинаған.
ПІКІР ЖАЗУ