Еуроодақ «Азаттық радиосы мен Азат Еуропа радиосына» қолдау көрсетуді талқылап жатыр

Фото: pixabay.com

Олар аталған ұйымдардың атқаратын жұмысы аса маңызды екенін айтады, деп жазады ozgeris.info сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Еуроодақтың Жалпы істер жөніндегі кеңесінің отырысында РСЕ/РС-ке («Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосы» – ред.) қаржылық қолдау көрсету мәселесі талқылануы мүмкін. Өйткені, медиаұйым қаржыландырудан айырылу қаупі алдында тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамп 14 наурызда жеті федералдық агенттікті, оның ішінде РСЕ/РС, «Америка дауысы» және басқа да БАҚ-ты бақылайтын АҚШ-тың Ғаламдық медиа агенттігін (USAGM) қаржыландыруды қысқарту туралы жарлыққа қол қойды.

«Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосы» соғыс кезінде хабар тарата бастады және содан бері Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы оқиғалар туралы ақпарат беруде маңызды рөл атқарып келеді.

Ұйым Украинадағы соғысты жан-жақты жариялады. Украинадағы «Қырым.Реалии» және «Донбасс.Реалии» жобалары Ресей басып алған аумақтар туралы маңызды ақпарат көзіне айналды.

2024 жылы Ресей билігі РСЕ/РС-ті «қажетсіз ұйымдар» тізіміне енгізген, бұл оның орыс қызметіне ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салуына әкеліп соқты.

«Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосы» президенті Стивен Капус USAGM-мен гранттық келісімнің тоқтатылуын «АҚШ-тың жауы үшін үлкен сыйлық» деп атады.

– Иран аятоллалары, Қытай коммунистік көшбасшылары, Мәскеу мен Минсктегі автократтар РСЕ/РС-тің 75 жылдық мерейтойының қарсаңында жабылғанын тойлайтын болады. Бұл біздің қарсыластарымызды күшейтіп, Американы әлсіретеді, – деді ол.

Чехия Еуроодақтың 27 сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі кездесуінде РСЕ/РС-тің болашағы мәселесін көтерді. Медиаұйымның штаб-пәтері Прагада орналасқан.

Чехияның сыртқы істер министрі Ян Липавский ЕО-ны «Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосына» көмек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, ЕО елдерінің кейбір мүшесі бұл бастамаға қызығушылық танытып отыр.

– Бұл мәселемен байыпты айналысу – біздің міндетіміз, – деді Липавский.

Швецияның ЕО істері жөніндегі министрі Йессика Русенкранц «Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосы» жұмысын жалғастыруы қажет» деп есептейді. Ол Еурокомиссияны ұйымға қаржылай көмек көрсетуге шақырды.

ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жетекшісі Кая Каллас Еуроодақтың «Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосын» қаржыландыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын, бірақ бұл автоматты түрде жүзеге аспайтынын ашық айтты.

– АҚШ-тың қаржыландыруды тоқтататыны өкінішті. Темір перденің арғы жағында тұрған біздер үшін бұл радио демократияның шамшырағы болды, – деді ол.

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский болса, аталған медиаұйымға көмек көрсетудің бір нұсқасы ретінде Еуропалық демократия қорының бюджетін ұлғайтуды ұсынды.

– Жасөспірім кезімде әкем «Азат Еуропа радиосын» және «Америка дауысын» тыңдайтын. Біз елдегі нақты ақпаратты осы БАҚ арқылы алатынбыз, өйткені коммунистік үгіт-насихат барлығын қатаң бақылауда ұстайтын. Бүгінгі таңда бұл ұйымдар автократиялар үшін дәл сол рөлді атқаруда, – деді Сикорский.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бірқатар халықаралық журналистік ұйым «Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосына» қолдау білдіріп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!