Шоу-бизнес

"Ештеңесіз қалды": Жұлдыз Әбдікәрімова үйге қатысты мәселені жауып тынған (ФОТО)

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй дауына қатысты сотта екі рет жеңілгеннен кейін мәселені жапқан, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы журналист Динара Сәтжан Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Жұлдызбен сұхбатымызды екі аптада 400 мыңдай адам көріпті. Айта кетейін, Жұлдыз 4 жыл бұрын Астанадағы коттедж қалашығын сол жерде тұрамын деген үмітпен жарнамалады. Болашақ үйінің есебінен өзінің үлкен пәтерін автотұрағымен бірге коттедж қалашығының иесіне берді. Ақырында ештеңесіз қалды. Содан кейін сотта екі рет жеңіліп қалды. Полицияға арыз жазды. Баспасөз жиынын өткізді. Бірақ іс алға жылжымаған. Өткен аптада Жұлдыз бұл мәселені жапты.», – деп жазды Динара Сәтжан.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Жұлдыз Әбдікәрімова сеніміне кірген адам алдап, бірнеше құжатқа қол қойдырып, үйін тартып алғанын мәлімдеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Барлық жаңалық