Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен өтетін кездесуінде Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуді ұсынбақ. Бұл туралы«Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Түркия басшысының әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Саясаткер Путинге Украинадағы жанжалды реттеуде делдал болуды ұсынбақ. Түркия соғысты тезірек тоқтатуды және келіссөз үстеліне отыруды бірнеше рет қолдаған.
«Ердоған бүгінде Ресей мен Украина басшыларының шынайы сеніміне ие. Ол екі елмен тұрақты байланысты ұстап, аймақта бейбітшілік орнату үшін бәрін жасайтын бірден-бір әлемдік көшбасшы болуы мүмкін», — деп атап өтті агенттік өкілі.
ПІКІР ЖАЗУ