Елена Рыбакина WTA біріншілігінде екінші орынға көтерілді

Танымал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA бәсекесінде екінші нәтижені көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қазақстан теннис федерациясы жыл басынан бері Рыбакина 4901 ұпай жинағанын хабарлады.

Рыбакинаның ізін қуа өкшелеп келе жатқан “Уимблдон 2024” турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолиниде – 4505 ұпай. Төртінші орында Арина Сабаленка (Беларусь) – 4466 ұпай және америкалық Коко Гауфф үздік бестікті 3598 ұпаймен түйіндеді.

Ал Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр.

«WTA Championship Race – бұл маусымның тек 8 үздік теннисшісі бақ сынайтын турнир, ол биылғы 2-9 қараша аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларды құрайды», — делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.