Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар әлеуметтік желідегі жазбасы сынға қалды, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Екі аяқты малдар арамызда жүр! Қоқыс тастаған адамға мал деп айтсаң тағы ренжиді», – деп жазған шенеунік.
Журналист Абай Балажан шенеуніктің жазбасына шүйгіліп, адамдарды «мал» деп атағанына ызаланды.
«Мына төмендегі жазбаның иесі кешегі оқымаған қазақ емес. Оқыған қазақ. Құр оқыған қазақ емес, әйдік шенеунік! Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы көрінеді. 1994 жылы дүниеге келген. Иә, қоқыс тастаған адамды ақтап алғалы отырған жоқпыз. Қоқысты көшеге білмей тастаса да, біліп тастаса да ол — қоғам үшін зиянкес адам. Бірақ, оларды мал деп сөгу қалай болады? Қоқыс тастайтын адам да, қоқыс тастамайтын адам да халықтың құрамына кіреді, қалың бұқара өкілі болып саналады. Ал, сен биліктің өкілісің, Әбілқайыр бала! Сонда билікте отырып, өз халқыңды мал дейсің бе? Ызадан жарылып өліп бара жатсаң надан десең де жетер еді ғой…», — деп жазды журналист.
ПІКІР ЖАЗУ