«Қаламағандай болды»: Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы жайлы айтты

Фото: akarimov.com / Instagram/@kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Асхат Садырбай YouTube арнасына сілтеме жасап.

«Шынымды айтайын, Димашпен қазір байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көрісіп қалдық. “Қалай жағдай, бәрі жақсы” деп бір-екі минут сөйлестік, болды. Туған күнімізбен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз», – дейді әнші.

Журналистің “неге” деген сұрағына Димашпен Қытайға дейінгі байланысы мен қазіргі байланысы басқа екенін айтып, “оның уақыты жоқ шығар” деп болжайды.

«Мүмкін бұл (достық қарым-қатынас) оған керек те жоқ шығар. Мен “ұялы телефон нөмірін алмасайық” деп едім, қаламағандай болды. Мен сонымен қойдым. Сұрамшақтанғанды ұнатпаймын. Таңдауы шығар. Кез келген адамның таңдауын құрметтеймін», – дейді ол.

Әншінің сөзінше, олбұрын Димашпен ылғи байланыста болып, аға-бауырдай араласқанын.

“Қазір соның бәрі артта қалды” – дейді Әлішер Кәрімов.