МАҢЫЗДЫ

Даңқты ұшқыш Сергей Луганскийдің есімі Талдықорғандағы авиабазаға берілді

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасын Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Сергей Луганскийдің есімімен атауды ұсынды.
"Ұлы Отан соғысы жылдарында бес жүзден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың ішінде төрт ұшқыш екі рет Батыр жұлдызын алды - Леонид Беда, Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский және Иван Павлов. Қарулы Күштердің жеке құрамы ұсынысты жігерлілікпен қабылдады ", - деді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Әскери бөлімнің аумағында Сергей Луганскийдің мүсіні орнатылды.
Барлық жаңалық