Алматы қаласы, Алатау ауданы, Боралдай ықшам ауданындағы бірнеше көше тұрғындары үлкен қиындыққа тап болды. Атап айтқанда, Аламан, Османова, Ғалымбаева және Аршын көшелеріндегі жолдар қазылып, қазіргі таңда олар батпаққа айналған.
Жолдардың мұндай жағдайы жергілікті тұрғындардың жүріп-тұруын қиындатып қана қоймай, көлік қозғалысын да шектеп отыр. Қазір бұл көшелермен жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі және басқа да шұғыл көмек көрсететін көліктердің өтуі мүмкін емес. Тұрғындар күнделікті тіршіліктерінде үлкен қиындыққа тап болып, балаларын мектепке апару, жұмысына жету секілді қарапайым қажеттіліктердің өзі үлкен мәселеге айналған.
Жергілікті тұрғындар жолдарды қалпына келтіруді талап етіп, тиісті органдардан шұғыл шара қабылдауды сұрайды.
«Аламан көшесі. Бүкіл жолды балшыққа айналдырып жіберді. Бұл жерден шығу мүмкін емес. Не істеу керек, кім кеңес бере алады? Бұрын жолдарымыз жақсы болатын. Біз өзіміз жолдарды жөндеп алған едік, енді бәрін қиратып тастады. Жүру де, өту де мүмкін емес, ештеңе жоқ.», — дейді Боралдай тұрғыны.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру