2023 жылы қарашада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның мүлкін бөлу процесі басталды. Мұрагерлiк құқығына әйелi мен көп балалары өтiнiш берген, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Besmedia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 13 қарашада Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін нотариус Исабаев Б.Қ. 2024 жылғы 3 қаңтардағы №1/2024 мұрагерлік ісі ашқан.
Мұрагерлiк құқығына өтiнiштердi келесі тұлғалар жолдаған:
- Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада туған, өсиет қалдырушының ұлы, өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішімен.
- Назарбаева Динара Кемелханқызы, 04.12.1986 ж.т., мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен некеде жиналған мүліктің 1/2 бөлігін бөлу туралы өтінішімен.
Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға өтініш берген мұра қалдырушының балалары:
- Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған.
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген.
- Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда дүниеге келген.
- Назарбаев Елнұр Болатұлы, 19.08.2013 ж.т.
- Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жылы 17 қазанда туған.
- Назарбаев Акбар Болатұлы, 23 қараша 2016 ж.т.
- Назарбаева Нұрбан Болатқызы, 09.07.2018 ж.т.
- Болатқызы Томирис, 2013 жылы 30 шілдеде туған.
- Болатқызы Аруназ, 2016 жылы 30 қаңтарда туған.
- Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылы 17 ақпанда дүниеге келген.
- Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылы 7 маусымда туған.
- Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген.
- Назарбаева Жанель Болатқызы, 3 қараша 2010 ж.т.
Болат Назарбаевтың мүлкін бөлу туралы мұрагерлік іс қарау белгісіз уақыт алады.
ПІКІР ЖАЗУ