«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі: I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау. Атап айтсақ, магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша оқу. II-кезең. Қажетті құжаттарды дайындау. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын еліміздің бүкіл аумағында таратылатын БАҚ-та жарияланады.Негізгі қадамдар: 1) Талаптарға сәйкес келу; 2) Қажетті құжаттарды жинақтау; 3) Көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру; 4) 3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту. Жаңа іріктеу ережесіне сәйкес, конкурстың іріктеуі 6-дан 3 кезеңге қысқартылған болатын. Қазіргі таңда үміткерлердің ұсыныс хаттары мен негіздеме хаттарын бағалау, мемлекеттік тілді, шет тілді білу деңгейін айқындайтын тест алынып тасталды. 1-тур – Кешенді тестілеу; 2-тур – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу; 3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы 5) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады. Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес, оқу ақысы, ай сайынғы шәкіртақы, медициналық сақтандыру, виза, әуежол шығыстары, семестр сайын оқулықтарға бөлінетін көтермеақы толық Үкімет қаржысынан қамтылады.
Білім және ғылым
«Болашақ» бағдарламасына қалай тапсыруға болады?
«Болашақ» халықаралық стипендиясы – әлемнің ең үздік университеттерінің бірінде білім алу бақытын сыйлайтын бірден-бір бағдарлама. Ол 1993 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылылды. Бұл бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.
2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінген болатын. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша , ал 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша берілді.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттарды кез келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен egov.kz сайты арқылы тапсыруға болады
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025