Салық

Блогерлерге салық қызметінен хабарламалар келе бастады

Танымал блогер Әлішер Елікбаев өз телеграм каналында, салық комитетінен қарыз туралы хаттар келгенін хабарлады. Оның айтуынша, кейбір әріптестерінің салықтық қарызы 300 000 000 теңгеден асып кеткен. Енді олар салық органдарына барып, өздерінің шын мәнінде мұндай табыс таппағанын дәлелдеуге мәжбүр.
“Мен туралы да «еске түсіріпті» – менің қарызым шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Бірақ менің ойымша, бұл сома қайырымдылық мақсатындағы қаражат жинаумен байланысты болуы мүмкін. Екі рет менің картама донорлық бүйрекке қаржы жиналды, ал бір рет – балалар хосписіне арналған реанимобильге. Бұл мәселені анықтайтын боламыз”- деді Елікбаев.
Барлық жаңалықтар