Қызметте белгісіз жағдайларда зардап шегіп, мүгедек болып қалған сарбаз Ербаян Мұхтардың отбасы президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақырылған жауынгерлердің қауіпсіздігі мәселесін қозғады, демек бізді естіді», — деп мәлімдеді Ербаян Мұхтардың ата-анасы Instagram-дағы парақшасында.
Олар президенттің «Әділ Қазақстан. Заң және тәртіп. Экономикалық өсім. Қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы сөзін дәйексөз келтірді.
«Жас жігіттер Отанға борышын өтеу үшін баратын әскердегі заң мен тәртіпті сақтау бірінші кезекте маңызды. Сарбаздар өз міндеттерін дұрыс атқара алуы үшін Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдарында бірінші кезекте темір тәртіпті қамтамасыз ету қажет», — деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Қазір оңалтудың қиын жолынан өтіп жатқан гвардияшының жақындары президенттің әскердегі проблемаларға назар аударғанына қанағаттанатынын білдірді.
«Президент жағдайды түзетеді деп және біздің ұлдарымыз енді мүгедек болып оралмайды, бейбіт уақытта өлімді тоқтатады деп үміттенеміз. Ербаян отбасында болған қайғылы оқиға — қазір жас қазақстандықтар мерзімді қызмет өткеріп жатқан күш құрылымдарында орын алып отырған хаостың айқын көрінісі. Ербаян туралы айтар болсақ, тергеудің барысын қамтамасыз ету үшін Ербаянның анасының, оның достары мен әріптестерінің ақшаны қорқытып алды деген күдікпен айғақтарын қабылдап, оларды қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеуді сұраймыз», — деп жазады ұланшылардың туыстары.
Зардап шеккен ұланшының туыстары оны Германияда немесе басқа шет елде емделу үшін ұзақ ұшуға дайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ұланның 22 жасар әскери қызметшісі Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде жарты жыл қызмет еткеннен кейін күтпеген жерден комаға түсті. Ресми болжам бойынша ол дәретханаға құлап түсіп, басын соғып алған. Бірақ туыстары бұған сенбейді, себебі жай ғана құлаудан кейін желке сүйегінің сынуы, ісіну, мидың ісінуі және маңдай-тұмсық аймағының жіті субдуральды гематомасы бола алмады.
ПІКІР ЖАЗУ