Жаңалықтар

«Біз ештеңе көрмедік»: Шерзат ісі бойынша басты айыпталушы өзгелерге үндемеуді бұйырған

Бұған дейін Шерзат Полатқа қатысты сот отырысында Land Cruiser Prado автокөлігінің видеотіркеу құрылғысынан алынған жазба ұсынылды. Көлік ішінде күдіктілер отырған. Жазбадан басты айыпталушы Абзал Шынасылдың достарына қоқан-лоққы көрсеткен дауысы естілген, деп хабарлайды ozgeris.info.

Шынасылдың бұған дейінгі жауабы бойынша, көлікте ол Нұркияс Ільясов және Арлан Қазекеновпен бірге болған. Сонымен қатар, салонда Равиль Сакиев пен Юлдаш Розыбақиев те отырған.

Видео жазбадан Абзал Шынасылдың екі досына ештеңе айтпау туралы бұйрық бергені естіледі:

– Арлан, Ёлка (Юлдаш Розыбақиевке айтылған – ред.), ауыздарыңнан бір ауыз сөз шықпасын. Жарай ма? Біз ештеңе көрмедік, мүлде ештеңе көрмедік.

Жәбірленуші тараптың адвокаты қойған сұраққа жауап берген Шынасыл бұл сөздерді өзі айтқанын растады:

– Олар келген кезде не көргенін айтып қойған. Мен сол туралы айттым. Оларға көргендерін ешкімге айтпауын бұйырдым, – деді ол.

Барлық жаңалық