24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) хабарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр.
«Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналастырылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады», — деп хабарлады комитет өкілдері.
Бұған дейін Бишімбаевты колонияда қандай жұмысқа алуы мүмкін екені белгілі болды. ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібековтың айтуынша, бұрынғы ұлттық экономика министрі «Еңбек» РМК-ға ағаш және металл өңдеу бағыты бойынша жұмысқа орналаса алады.
Фото: Jogargy_sot
ПІКІР ЖАЗУ