Поэзия
Бергенбек Азатбек. "Ана, сен ұлы адамсың ұлың үшін"
Бергенбек Азатбек 2003 жылдың 4 ақпанында туған. Көкшетау қаласының тұрғыны.
Ашыну
Көңіл-күйім болмай жүр қазір онша,
Дәмін татып жүргенмен балдай жырдың.
Түсіністік қылыңдар лажы болса,
Өзімді-өзім түсіне алмай жүрмін.
Сағыныштан санама саз қонғандай,
Тапқандаймын жанымның ең керегін.
Миым ашып жүргені аз болғандай,
Жаныш ашып жүреді елге менің.
Көкке қадап содан соң кірпігімді,
Бір күрсініп аламын өмір-ай деп.
Жамай алмай жүргенде жыртығымды,
Неге кірлей береді көңіл әйнек.
Кейде адамды мейірім шөлдетеді,
Бір-ақ сөзбен жараңды емдеу оңай.
Хабарласып қойсаңдар нең кетеді,
Қайырымсыз, қатігез пенделер-ай!
Қалтам тесік болса да шүкір деймін,
Басым аман, бауырым бүтін менің.
Құдығыма су ішкен түкірмеймін,
Адал тапқан асымды жұтып жедім.
Күйбең тірлік қойса да қой бақтырып,
Кейде ол да жаныңды мезі етеді.
Оралыңның барында ойнап-күліп,
Аунап-қунап алғанға не жетеді?!
Үстіменен жеңілдің өтпеп едім,
Жүріп келем ауырдың астыменен.
Мен өмірді осы үшін жек көремін,
Мен өмірді сол үшін жақсы көрем.
***
Анама хат
Ана, сен ұлы адамсың ұлың үшін,
Иә, білем оңбай жүр бүгін ісім.
Ауыл жаққа баруым сиреп кетті,
Қала жақта бар-ды жоқ күнім үшін.
Күнім Анам, Ай Анам, Айнам Анам,
Қу жанымды қайтейін қайғы ораған.
Ұзақ ойға шоматын болып алдым,
Ұзап шығып кеткелі қой-қорадан.
Қала жақтың сойқан деп көші кілең,
Жүрмін соған ілесіп, есірумен.
Қайта қайта қателік жасасам да,
Шаршамайсың сен бірақ кешіруден.
Бас көрсетіп жүрсем де қай додадан,
Өзіңді іздеп тұрамын айналадан.
Ұлымын деп айтуым бекер шығар,
Ұлың бола алмасам қайран анам.
Сырласым да өзіңсің мұңдасым да,
Сендей қуат бермейді жүз досым да.
Алыс кетсем,апыр-ай, құлазимын,
Жалғыз қалып қойғандай құз басында.
Менің анам емес қой тегін адам,
Жүрегімнің ұсынам төрін оған.
Бар қиынға біз үшін шыдап келген,
Төзімі темір адам.
Ұлың бүгін ержетті есті ақын боп,
Келе жатыр мұратым, мақсатым деп.
Сендей жақсы анадан туғаннан соң,
Менің жаман болуға еш хақым жоқ!
***
О, менің Нұр-Астанам—тым асқақ ән,
Тіл қатып, тірі жанға сыр ашпаған.
Тойынып, тойған қала емес пе едің,
Кезің жоқ тойың тойға ұласпаған.
Білмеймін енді қашан кіреді есің,
Байдың жалғыз ұлындай шіренесің.
Көшіңе қосылам деп келгендерді,
Көшеңе қайыршы ғып жібересің.
Тірліктің бастан кешіп бір күйбеңін,
Көзінен өтіп жүрмін күнде иненің.
Әйтеуір алдым ашылмаған сайын,
Артым аши береді ылғи менің.
Сағыныш әр күн сайын санамды ұрлап,
Қолымнан келгенінше қалам жырлап.
"Бағаң қымбат" дей берсін жұрттың бәрі,
Мен үшін дүниең көп одан қымбат.
Қадалған көліктердей кептеліске,
Кезіп жүр жердің бетін көп періште.
Өкіргеннен болмайды өмір жақсы,
Өкінгеннен пайда жоқ өткен іске.
Ақындар Алматыға ғашық әлі,
Астана, ал мен саған асығамын.
Тау мен тасқа соқсаң да маңдайымды,
Мен алдыңда иіліп бас ұрамын.
Басымды имей болмайды бас қалаға,
Жарытпасаң жарытпа баспанаңа.
Астана - ең алғашқы махаббатым,
Алғашқы махаббатым - Астанада!..
***
Аппақ қар, аппақ сезім...
Апыр-ай, Астанаға қыс келген бе,
Жоқ әлде ұқсаймын ба түс көргенге?!
Қараша — күздің соңғы мұғжизасы,
Қанатты періштелер түскен жерге.
Бәрібір, кім не десін Астанаға,
Сенбеймін әркім айтқан әпсанаға.
Мен жақсы білемін ғой бұл қаланы,
Бұл қала қыста мүлдем басқа қала...
Есіңде бар ма, ботам, алғашқы қар?..
(Ол да сендей есімнен алжастырар.)
Құдайдың құдыреті қолымда жоқ,
Сол сәтті ғұмырыма алмастырар.
Ал, қазір бақыт іздеп баққа келем,
Нұрланып аппақ әлем, аппақ өлең.
Саған адалдығымды мен сонда да,
Ақ қардың бейнесінде сақтап өлем!..
Сезім деп әбігерге түскенмен де,
Болмайды өзімізді іштей жеуге.
Екеуміз жолығайық кел, одан да
Байланыс аясынан тыс жерлерде, —
қыс келгенде!
***
Жапырақтың көзінен тамшы аунатып,
Күзді осылай күрсініп, аңсау бақыт.
Қарсы ал, уақыт мен күткен мезгіл жетті,
Қанатынан құстардың ән саулатып.
Менің жаным үнемі күзге құштар,
(Қызға деген себебі қызғаныш бар.)
Жазды жоқтап жылайды, жадау тартып-
Саябақтар.Көшелер.Түз.Қамыстар.
Сағыныштың демінен аңқиды мұң,
Көңілімнен ұғады сол күйді кім?!
Үмітімді жел үзіп жұлмалайды,
Көз ұшында мұнартып әр қилы күн.
Күрсінісін жасырып күн ішіне,
Өмір солай өте ме, мұнысы не?!
(Өлісіне өкпем жоқ адамдардың,
Бірақ разы емеспін тірісіне!)
Бара жатыр құстардың көші қайтып,
Қоңыр күзге көңілдің хошын айтып.
Ештеңені, ешкімді керек етпей,
Күн кешуге болады осы қайтіп?
***
Алдамшы ақша, байлық, атақ-даңқ,
Қайтесің хайп қуып, шатақ тауып?!
"Оралыңның барында ораза тұт",
Рамазан айында рахаттанып.
Құдайға құлдарының сыры мәлім,
Біледі ол кімнің қалай құбыларын.
Шайтандар кісенделіп жатқан айда,
Нәпсіңе ерік берсең-құрығаның.
Ұйқыға уақытыңды қоса арнасаң,
Өзің біл, өз-өзіңді бос алдасаң.
Құрмамен ауыз ашу жеткіліксіз,
Құранның бетін бір сәт аша алмасаң.
Көзі ашық, көкірегі ояу арлы адамдар,
Көз ілмей әрбір сәтті дәл бағамдар.
Мерекеде құр қалар берекеден,
Сәресіне ояна алмағандар.
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025