Белгілі ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

nur.kz

Белгілі ақын, сазгер, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сазгердің 1 жыл бұрын ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тараған еді.Өнер иесінің баласы Құрманай Бақтиярқызының инстаграм парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

«Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет», — деп жазды сазгердің баласы.

Ақпарат ZTB|QAZAQSTAN telegram арнасынан алынған.