«Бәріне ұнауым шарт емес»: Disney-дің қазақша туындысын сынаған Бадықова ел алдында ақталды

Фото: Instagram/dariga_badykova

Белгілі продюсер, актриса Дариға Бадықова “Моанаға” баратын қазақтарды не үшін сынағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, киножұлдыз қазақшаға дубляждалған мультфильмнен гөрі өз фильмі жақсы екеніне сендірген еді.

“Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерларды да қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рақмет айтамын. “Таптым-ау сені” ұнап жатыр шынымен. Осы жолғы бөлім керемет шықты, шүкір!”, – деп жазды актриса.

Одан кейін кинопродюсер “мультфильмге бармаңдар” деген сөзіне қатысты да өз ойын жеткізді.

“Одан кейін “балалар мультфильмге бармасын” деген жоқпын. Қысқасы, әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. “Өз елімнің киносына бармаңдар” деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын. Есігіңнің алдындағы ит жаман десе де, намыстанамын. Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш, жақындары аман болсын! Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын!”, – деді киножұлдыз.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом