Шоу-бизнес

"Балаларыма көрсетпеймін": Ләйлә Сұлтанқызы іштей жылап жүргенін айтты (ВИДЕО)

Белгілі журналист, кәсіпкер Ләйлә Сұлтанқызы осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған марқұм жолдасын есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info. Айта кетейік, 2022 жылы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болған еді.
“Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз”, – деп жазды медиа маманы.
Еске салайық, "Үшінші баланың анасы атанып үлгермедім" деп Ләйлә Сұлтанқызы өмірдегі өкінішін жеткізген еді.    
Барлық жаңалық