Жаңалықтар
"Азамат есеппен үйленді": Актриса Назгүл Қарабалина ел білмейтін құпиясымен бөлісті
Жұлдызды жұп Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина “Дастархан” бағдарламасында қалай танысып, табысқандары туралы айтты. Актирса Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты сырымен бөлісті.
Мен Азаматпен академиядан бері таныспын. Бір курста, бір топта оқыдық, бір ұстаздан білім алдық. Ең алғаш Азаматты емтихан залында көрдім. Мен оқуға қабылданбай, жүрдім. Төртінші мәрте келіп фортепиано ойнап беремін, бірақ оқуға қабылдамайды. Сөйтіп анамның жанында күңіреніп отырсам, залға бес жігіт кіріп келді. Көзім бірден Азаматқа түсті. Бірақ “мына жігіт сүйкімді екені деп ойлайтындай жағдайда болмадым. Ол кезде Азамат қазіргідей сүйкімді емес еді. Толықтау, көзі сығырайған. Десе де, оған бір қарап тоқталдым. Олар келіп сахнаға шығып, бірден оқуға қабылданды. Менің одан сайын ашуым келді. Кейін бірге оқыдық, Азамат топтың старостасы болды. Мен батыстың қызы болғандықтан, мінезім тік. Бір-бірімізді жақтырмай жүрген сәттер де болды. Кейін жақсы көріп кеттік”, – дейді актриса.
“Шыны керек, академияда оқып жүрген кезде Азамат мені ұната қойған жоқ еді. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратыны жоқ, “Азаматтың маған көңілі ауса екен, мені көрсе екен, байқаса екен” деген сәттер болды. Оған қойын дәптер арнаған болатынмын. Оның ішінде де бұл өлеңдер бар. Ол кезде Азамат басқа бір қызды ұнатып жүретін. Сол қойын дәптерде мынадай жазба болатын. “О, Алла Тағала, егер Азамат маған назар аударса, екеуіміз үйленсек… Оның көп балалы отбасыдан екенін білемін, олар 9 ағайынды, оны сен де білесің. Әке-шешесі зейнеткер. Соған қарамастан мен оның ата-анасына қарайласып, аға-әпкелерімен жақсы қарым-қатынаста болатын едім. Маған тек екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші”, – деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Енді ондай адам керек қой. Өзі “әке-шешеме қараймын” деп тұрса. Содан кейін ойланған болуы керек. Азамат бастапқыда есеппен үйленді, менде шынайы сезім болды. Қазір мені жақсы көретін сияқты”, – дейді Назгүл Қарабалина күліп.
Алайда актриса үшін жұбайының махаббатынан гөрі, қайын атасының өзін қабылдағаны маңыздырақ болған.
“Азаматтың махаббатынан қайын атамның мені жақсы көргені мен үшін қымбат болды. Қайын атам былтыр 90 жасында дүние салды. Бұл өмірде тапқан байлығым, бағым – менің атам. Ол кісі абыз адам болатын. Пешенеме сондай адамға келін болу жазғанына шүкіршілік айтамын. Азаматтың махаббатына қарағанда ата-енемнің маған деген сүйіспеншілігі мен үшін маңызды”, – дейді актриса көзіне жас алып.
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
Демалыстан кейін қалтаңыз босап қалмасын десеңіз...
16:19, 13 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025