М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Бәсекелестік құқық» магистрлік білім беру бағдарламасы бойынша дипломдар табысталды. Алғашқы 10 түлек Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы М. Омаровтың қолынан өз дипломдарын алды.
М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев түлектерге құттықтау сөзінде осындай бағдарламалардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында да жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, бәсекелестік құқық саласында кадрлар даярлауда көрсеткен қолдаулары үшін әріптестеріне алғысын білдірді.
«Бәсекелестік құқық» магистрлік білім беру бағдарламасының мақсаты коммерциялық практиканың әртүрлі нысандарын жүзеге асыруда заңдылықты қамтамасыз ету саласында құзыреті бар маманның жаңа моделін қалыптастыру, мысалы: картельдік келісімдер, үйлестірілген бәсекелестікке қарсы әрекеттер, үстем компаниялардың мінез-құлқы, компаниялардың бірігуі және жұтуы. Біз бүгін Жоғары оқу орнымыздың қабырғасында Қазақстан Республикасында алғаш рет «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша магистрлер шығарылатынына қуаныштымыз», — деді Талғат Нәрікбаев.
Бағдарлама 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығы қолдауымен іске қосылды.
ПІКІР ЖАЗУ