Жаңалықтар

Қазақстанда кімдер 4 күндік жұмыс аптасына ауыса алады – вице-премьер жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info. Вице-премьер қай саланың мамандары бұл мүмкіндікті пайдалана аланатын айтты.
"Бұл мәселе Еңбек кодексінде ол бар. Бұл - жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы өзара қатынас. Мысалы, қыста қонақүйлер қызметкерге 4 күн жұмыс істеуге мүмкіндік бере алады. Алайда туристер көп келген кезде жұмыс аптасын 6 күнге ұзарта алады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы шарт. (4 күн жұмыс аптасы негізінде – ред.) қызмет көрсету саласы мен туризм, қонақүй бизнесі жұмыс істей алады", - деді Тамара Дүйсенова.
Барлық жаңалық