Қазақстанда Apple кеңсесі ашылуы мүмкін бе – министр жауап берді

Apple
Brand Hooper

Әлемге әйгілі Apple компаниясы Қазақстанда ресми кеңсесін ашуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жауап берді, деп Ozgeris.info.

Оның айтуынша, Қазақстан әрқашан ірі компанияларды тартуға мүдделі.

«Біздің стратегиямыздың шеңберінде Қазақстанның цифрлық хабқа айналуы үшін мұндай компаниялардың, құзыреттер мен технологиялардың біздің елде болуы әрқашан жақсы. Бүгінде Apple компаниясымен Astana Hub базасында зертхананың болуы туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Тіркелген реселлер бола алатын бірқатар компания бар», – деді министр.

Ол Apple компаниясының ресми қатысуы келесі қадамдардың бірі екенін атап өтті. Министрдің сөзінше, Apple Қазақстан арқылы Орталық Азия нарығын қамтуы мүмкін.

«Бұл менің көзқарасым. Сондықтан түпкілікті шешім соларда. Алайда біз ірі компаниялармен, инвесторлармен жұмыс істей аламыз және келіссөздерді қалай жүргізу керектігін білеміз. Біз мұны істейміз», – деді Мәдиев.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны