2021 жылы ақпараттық технологияларды қолдауға 1,2 млрд теңге жұмсалды, бірақ Қазақстан соттары танымал тегін қызметтер бойынша онлайн процестерді жүргізуді жөн көреді.
Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы өмірімізге елеулі өзгеріс енгізді. Соның ішінде қазақстандық сот жүйесі де уақыт талабына сай жұмыс істеуде. Сот процестерін қашықтан өткізу форматына көшті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен сот жүйесін цифрландыруға қаражат бөлініп жатыр.
«Integrity Astana»ЖММ коммерциялық емес ұйымның сарапшылары сот отырысын өткізетін алаңдарды зерделеп, қазақстандық соттардың артықшылықтарын зерттеді.
Сот процестерін цифрландыру құқықтық сенімділік қағидаттарын іске асыру, сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдету, сот тәжірибесін жүйелеу, сот ақпаратының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді жеңілдету және халықтың сот жүйсіне сенімін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.«Integrity Astana» компаниясының мамандары өз жұмысында ашықтықты сақтап, есеп бере отырып, қоғамның қатысуына негізделген сындарлы диалог арқылы қоғамда тұтас ойлауды қалыптастыру қағидасын ұстанады. Компания бағдарламаларға, жобаларға, қызметтерге, әлеуметтік-экономикалық зерттеулерге және тағы басқа ашық мониторинг пен бағалау жүргізеді. Компания сарапшылары республикадағы сот жүйесін цифрландыруға қанша қаражат бөлініп жатқанын және бұл үдерістің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын да бақылап отырды.
Соңғы екі жылда техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Мәселен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Электрондық азаматтық істерге көшу кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот органдарының сот арқылы қорғауын қамтамасыз ету және электрондық сот отырысы залын құру» іс-шарасы аясында 2020 жылы «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және мемлекеттік органның ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңге игерілді.
Барлық қажетті құрал-жабдықтармен 699 сот отырысы залында (оларға теңестірілген облыстық соттарда, қалалық соттарда, сондай-ақ оларға теңестірілген аудандық және ауданаралық соттарда) қамтамасыз етілді. 2021 жылы қылмыстық және әкімшілік істерді электронды түрге көшіруге және электронды сот отырысы залын құруға 1,2 млрд теңге жұмсалды.Айта кету керек, 2015 жылдан бастап «Виртуалды сот» пилоттық жобасы аясында сот органдары TrueConf бейнеконференцбайланыс жүйесін пайдаланды. Әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша іс жүргізудің 90%-ға жуығы онлайн режимде өткен кезде бұл жүйенің үмітті ақтамағаны белгілі болды. Соттар сот ісін ZOOM, Skype және WhatsApp желілері арқылы жүргізуді жөн көрді.
«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша іздеу, сұрауларға сәйкес, сондай-ақ сот құжаттарындағы деректер бойынша 2015 жылдан бастап 2021 жылғы 11 қарашаға дейінгі аралықта соттардың бағдарламалық қамтамасыз етуге сұраныстарының өсу динамикасы мынандай: TrueConf — 4-тен 3153-ке дейін WhatsApp — 31-ден 50590-ға дейін Skype — 4-тен 4033-ке дейін 2020 жылы ZOOM сұрауы 813 рет жасалса, 2021 жылы – 6491 –ді құрады.
Пайыздық қатынастағы соңғы екі жылдағы статистика келсек: WhatsApp – 77,6%, ZOOM – 9,7%, TrueConf – 7,1%, Skype – 5,4 %.Сонымен қатар, 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы түйінді сөздерді еске түсіру саны ZOOM-та 698,5%-ға, WhatsApp-та 554,2%-ға, Skype-та 362,5%-ға, TrueConf-те 43,7%-ға өсті.WhatsApp – 77,6%, ZOOM – 9,7%, TrueConf – 7,1%, Skype – 5,4 %. Яғни, республикадағы сот жүйесін цифрландыру үдерісіне, ең болмағанда, он-лайн режимінде отырыс өткізу тұрғысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енбеген тегін техникалық шешімдер көптеп ықпал еткені анық.
Мұндай жағдайларда толығымен объективті сұрақ туындайды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында сот жүйесін цифрландыруға бөлінген бюджет бөлігінде қол жеткізілген тиімділік қағидаты ма.Сіз онлайн процестерге қатыстыңыз ба? Сот жүйесін цифрландыру деңгейін қалай бағалайсыз?
Жанат НҰРҒАЛИЕВ,
экономист, «INTEGRITY ASTANA» ЖММ
коммерциялық емес ұйымының директоры.
ПІКІР ЖАЗУ