Таиландтық әріптесімен кездесуде қазақстандық СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу келісім визалық талаптардан 30 күнге дейінгі кезеңге, 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күн босатуды көздейтінін айтты.
Келісім мемлекеттік ішкі рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді. Бұл қадам екі тарап арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды дамытуға қолдау көрсетуге бағытталғаны атап өтілді.
Екінші тараптың аумағында 30 күнтізбелік күннен артық тұруға ниет білдірген қазақстандықтар мен тайлар тиісті визаны алуы керек.
Айта кетсек, Қазақстан Пхукетте өз консульствасын ашатын болады.
ПІКІР ЖАЗУ