Жаңалықтар
Аягүл МИРАЗОВА: Қай заманда қазақ қызы қара жамылып, бүркеніп еді?
Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразова қоғамда дау тудырған мәселенің бірі оқушылар арасында орамал тартып, білім ошағына мектеп формасымен емес, хиджаб киіп келуді құп көретіндерге қатысты ойын айтты, деп жазады Ozgeris.info ақпараттық- сараптамалық порталының тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап
«Білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар. Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ! Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де солай. Бірыңғай форма не үшін қажет? Бай мен бағланның баласы да, қарапайым отбасының оқушысы да бірыңғай киім үлгісімен жүреді. Ата-ана да бәсекелестік деп бас ауыртпайды, баланың да көңілі бұзылмайды әлеуметтік теңсіздікті ойлап. Онсыз да түрлі реформаны бастан өткеріп, алағай да бұлағай бағдарламаларға малтығып қалған мектепте енді киім үлгісін ретке келтірдік пе дегенде хиджаб, орамал мәселесі дүркін-дүркін көтеріліп жатыр. Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, тарс бүркеніп еді? Ата-бабамыз ислам дінін ұстанбады ма? Бес уақыт намазын қаза қылмай өтемеді ме? Олар қай қызына хиджаб кигізіп, тұмшалады? Қазақ қан жұтқан қайғының ортасында да қара түсті киім кимеген. Ақ орамалды қызы жат жұрттық атанып, өзге үйдің босағасынан келін болып оң аяғымен аттаған сәттен бастап тартқан.
Ғұмырымның елу жылға жуық уақытын ұстаздыққа арнадым, әлі де осы салада еңбек етіп келемін. Кейінгі кезде жылт етпе жылтыраққа әуестігіміз артып, өзгенің салтына ықыласымыз ұлғайып бара жатқандай көрінеді. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғаннан орамал мен хиджаб дауы өршиді де, соңғы қоңырауға дейін ұласады. Мектеп – білім нәрін құятын орта, баланың келешекте қандай мамандық иесі атанарына бағдар сілтейтін шаңырақ. Заң талабы барлығына да бірдей орындалады, бәрі де соған бағынуы тиіс. Бала кәмелеттік жасқа толып, өзі шешім қабылдайтын кезеңге жеткенде еркі біледі қандай киім киетінін. Сондықтан кез келген ата-ана баласын мектепке оранып келуін емес, білім алсын, оқысын, білікті маман атануына жол ашылсын деп қадағалауы керек. Ата-ана өзінің ұстанған бағыты, ой-пікірі дұрыс-бұрыстығын ескермей баласына таңып, мәжбүрлеп тели беруіне болмайды деп санаймын. Барлық бала бірдей, емін-еркін ойнап, жадырап жайнап жүріп қатарластары секілді білім алуға толық құқылы. Білім саласындағы талап біреу ғана болып, сол талапты орындауға ата-ана да, ұстаз да, мемлекет те міндетті болуы тиіс деп ойлаймын», деді Аягүл Миразова.
-
Баян Алагөзова мәһрге не сұрағанын айтып берді
00:33, 18 маусым 2025
-
Чек алсақ, 2% ақшамыз қайтады
18:15, 17 маусым 2025
-
Тағы бір ауыл арақ сатудан бас тартты
17:05, 17 маусым 2025
-
-
ЭКСКЛЮЗИВ | Елжан Біртанов: «Мені емес, платформаны соттады»
15:41, 17 маусым 2025
-
Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысы туралы айтты
15:27, 17 маусым 2025
-
Қазақстан Қытайға 1500 киік сыйлады
14:31, 17 маусым 2025
-
"Жағдай өте қиын": Абзал Шынасылдың анасы сұхбат берді
12:22, 17 маусым 2025
-
Өмір сапасы: Қазақстан 139 елдің ішінде 114-орынға жайғасты
11:51, 17 маусым 2025
-
16 млн қазақстандықтың жеке дерегі ұрланды
11:12, 17 маусым 2025
-
Сәкен Майғазиев не үшін қалың малға 5 млн бергенін айтты
09:39, 17 маусым 2025
-
Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысы туралы айтты
15:27, 17 маусым 2025
-
16 млн қазақстандықтың жеке дерегі ұрланды
11:12, 17 маусым 2025
-
Өмір сапасы: Қазақстан 139 елдің ішінде 114-орынға жайғасты
11:51, 17 маусым 2025
-
ЭКСКЛЮЗИВ | Елжан Біртанов: «Мені емес, платформаны соттады»
15:41, 17 маусым 2025
-
"Жағдай өте қиын": Абзал Шынасылдың анасы сұхбат берді
12:22, 17 маусым 2025
-
Темекі: бюджет үшін табыс па, қоғам үшін қауіп пе?
01:37, 18 маусым 2025
-
Қайғылы жағдай: 2 жасар бала әкесінің көзінше анасын атып өлтірді (ВИДЕО)
07:37, 17 маусым 2025
-
Чек алсақ, 2% ақшамыз қайтады
18:15, 17 маусым 2025
-
Қырғызстан президенті Астанаға келді
10:54, 17 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-