Жақында бүкіл Қазнет танымал әртістер — Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың ұшақ бортындағы әрекетіне байланысты оқиғаларды талқылады. Осыған орай, олар авиокомпанияның қара тізіміне енді ме деген сұрақ туындайды. Tengri Travel бұл сұрақтың жауабын анықтауға тырысты, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Air Astana авикомпания жолаушылардың дербес мәліметтерін беруге құқығы жоқ екенін айтты. Сондықтан авиатасымалдаушының өкілдері қазақстандық шоу-бизнестің танымал әртістері қара тізімге енді ме, жоқ па екенін бөліспеді.
Алайда осы жылдың сәуір айында Tengri Travel әуе тасымалы шектеулі тұлғалардың тізіміне қанша адам кіргенін нақтылаған болатын. Материал жарияланған кезде бұл тізімде 4 адам болды. Авиакомпания бізге қазіргі уақытта қара тізімдегі жолаушылар санында өзгеріс жоқ екенін хабарлады. Тиісінше, сәуір айынан бастап жағдай өзгерген жоқ және әртістер әуе тасымалы шектеулі адамдардың тізіліміне кірмеген деп болжауға болады.
«78-1, 8-баптың 8-тармағына сәйкес авиакомпания әуе тасымалы шектелген авиакомпания тұлғаларының тізіліміне енгізілген жолаушының (жеке тұлғаның) дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда тізілімде бұрынғыша 4 адам бар», — деді авиакомпанияның баспасөз қызметі.
Ал Qazaq Air компаниясы әзірге бірде-бір жолаушы қара тізімге енгізілмегенін айтты. Scat-та да осындай жағдай. Айта кету керек, қара тізімге енгізу шаралары борттағы барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қара тізімде қауіпсіздік ережелерін бұзған және басқа жолаушыларға қауіп төндірген жолаушылардың есімдері болады. Бұл критерийді бүкіл әлем бойынша авиакомпаниялар қолданады.
ПІКІР ЖАЗУ