Астанада жеке меншік үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты

Фото: zakon.kz

Екі қабатты жекеменшік үйдің шатыры ішінара құлаған. Қайтыс болған 2-13 жас аралығындағы балалар (2011, 2015, 2021 және 2022 ж.т.), деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минуттан соң ашық жануды анықтады. Өрт оқшауланып, алдын ала 500 шаршы метр алаңда толық жойылды», — деп хабарлады ТЖМ.

Өрттің себептері анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза болғандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және ТЖ департаментінің психологтары көмек көрсетуде.