«Жалақыны көтеру туралы уәделерге қарамастан, бірнеше жылдан бері жағдай жақсарған жоқ. Сондай-ақ жұмыс формасының жоқтығы және талаптарымызды ескергісі келмеуі мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз», — делінген әуежай қызметкерлері бір күн бұрын таратқан жиын туралы хабарламада.
Кездесу сейсенбі күні өтті.
«Әуежай басшылығының, жер үсті қызметтері қызметкерлерінің және Астана авиациялық прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Қызметкерлер жалақыны көтеруді сұрады. Тараптар ортақ мәмілеге келді. Басшылық жалақының өсуіне қатысты талдау жүргізеді», — деді.
ПІКІР ЖАЗУ