МАҢЫЗДЫ

Астана мен Шымкент жемқорлық антирейтингінде көш бастады – 150 млрд теңге шығын келген

Сыбайлас жемқорлық істерінің жалпы саны 1,64 пайызға азайғанымен, одан келген шығын үш есе өсіп, 150 млрд теңгеден асты. Бұл — бір облыстың бюджетімен салыстырғанда, бүтін бір мектеп, аурухана, жол және жаңа су құбыры желісі деген сөз, деп хабарлайды ozgeris.info сайты "Орда" порталына сілтеп. Қазақстан құрылысшылар одағының антирейтингінде Астана мен Шымкент көш бастап тұр — бұл қалалар жемқорлық деңгейі үшін -10 ұпай алған. Одақ өкілі Ернұр Исақұловтың айтуынша, бұл бағалау Бас прокуратураның деректеріне сүйене отырып жасалған:
— Жемқорлық деңгейін бағалағанда біз қылмыстық істер санына емес, жемқорлық жанжалдарына қатысы бар адамдардың санына назар аудардық. Ең жоғары көрсеткіштер Астана мен Шымкентте тіркелді. Бұл көрсеткіштер, әсіресе, облыстық және қалалық әкімдіктер қызметкерлерінің жұмысына қатысты, — дейді ол.
Барлық жаңалық