«Арамызда болса, 18 жасқа толар еді»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының басына барды

Фото: serikzat_duisengazy инстаграм парақшасынан

Белігіл ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм ұлын есіне алып, жазба жариялады, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ақын ұлының сыныстары, достарымен бірге бейіт басына барып, дұға оқыған.

«Бүгін Әлихан батырым ортамызда болса он сегіз жасқа толар еді. Мектебін бітіріп, оқуға тапсырып мәре-сәре болып жататын едік қой. Амал нешік?
Еске алуға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы N48 мектеп-лицейде бастауыштан 7 сыныпқа дейін бірге оқыған сыныптастары Аймекен мен Сабина, N9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде 7 сыныптан 10 сыныптың 3-ші тоқсанына дейін бірге оқыған сыныптастары әрі робот техникасынан топтастары Ерасыл мен Жадыра келіп, достарының басына барып зиярат жасап, құран бағыштап қайттық. Кішкентай күнінен Әлиханның жағдайын сұрап отыратын ардақты Фариза Оңғарсынова апам мен бабамыз Қабанбай батырдың кесенесіне соғып дұға жасадық. Қайтар жолда Қосшы қаласында тұратын сыныптас достарым Нұржан мен Әсел дастархан жайып, Әлиханның рухына құран оқытты. Алла Тағала барлық ізгі амалдарымызды қабылдыққа жазып, Әлихан балапанымның жанын жәннатта қылғай! Өмірден өтсе де достарын ұмытпай келіп жүрген құлыншақтардың тапсырған оқуларына түсіп, елімізге еңбек ететін үлкен мамандық иесі болуын нәсіп еткей! Қашанда қасымнан табылатын Нұржан досыма, көліктерін сайлап, бірге жүрген ауылдас туыс інілерім Бағлан мен Тілеужанға мың алғыс!» — деп жазды ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...