Арабтар сияқты шалқып өмір сүреміз бе — Қошанов жауап берді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституцияда «жер және оның қойнауы халыққа тиесілі» деген норма бекітілсе, қазақстандықтар арабтар сияқты мұнайдың игілігін көре ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Мәжіліс спикері президенттің шешімін дұрыс деп санайтынын жеткізді.

«Менің ойымша, бұл норма – әділ және дұрыс. Себебі жердің де, судың да, жердің үстіндегі де, астындағы да байлықтың иесі халық болуы керек. Сондықтан президенттің ұсынысымен осы норма енгізілді. Мысалы, кен орындарын алайық. Оларды игеретін компаниялар мен инвесторлардың төлеген салығы, ашқан жұмыс орындары арқылы бюджетке қаражат түседі. Ал бюджетке түскен ақшаның көмегімен әлеуметтік мәселелер шешімін табады. Сол себепті «халыққа тиесілі» дегенді дұрыс түсіну керек», — деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгеріс кен орындарын компаниялардан немесе инвесторлардан тартып алу дегенді білдірмейді.

«Егер олар заңды бұзбаса, жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Бірақ заңды бұзса, онда онымен басқа органдар айналысады», — деп түсіндірді спикер.

Ozgeris.info порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)