Жаңалықтар
"Алтын белгіге" үміткер болған: Алматы облысында өз-өзіне қол жұмсаған 14 жастағы қыздың өлімі тұрғындарды дүр сілкіндірді
Алматы облысының полицейлері 14 жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр. Деректертерде мектеп оқушысы белгісіз таблеткалардан уланғаны айтылған. Оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Мектептегілер 10-сынып оқушысы Алиманы жақсы оқушы ретінде сипаттайды. Ол "Алтын белгі" алуға үміткер болған екен, деп хабарлайды Ozgeris.info.
14 жастағы Алима қайтыс болғаннан кейін Еркін ауылының тұрғындары қатты есеңгіреп қалды. Ауыл кіші болғандықтан, қайғылы оқиға туралы хабар ауылға тез тарады.
Көршілердің айтуынша, қыз кенеттен үйде өзін жайсыз сезінген. Түнде жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлерге қыз дәрі-дәрмекпен уланғаны туралы хабарланған. Жергілікті тұрғындар қыздың жақсы отбасыда өсіп, тәрбиеленгенін айтады. Ата-анасы азық-түлік дүкенінде жұмыс істейді. Үйде ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Тұрғындар Алима суық тиіп ауырып қалып, дәрі ішкен болуы мүмкін деп топшылайды.
"Отбасы жақсы. Екі баласы бар сияқты. Көршісі айтады, тұмауратып қалған екен. Анасымен бірге дәріханаға барып, дәрі сатып алған. Сосын сол дәріге аллергиялық реакция болып, құтқара алмады. Мен осылай естідім", - Күлшетай Шахмұхамбетова.
Санат Смаилов есімді тұрғын қыздың әкесімен жақсы таныс екенін және сыпайы адамдар екенін айтты. Дәрігерлердің айтуынша, Алима түнгі 03:00-те ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Оқушы қыздың бірнеше дәрі-дәрмектен уланғаны анықталған. Оны жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызғанымен, өмірін құтқара алмаған.
"Дәрі-дәрмектерден улану болды. Жансақтау бөлімінде алғашқы медициналық көмек толық көрсетілді – көп мөлшерде инфузия жасалды, себебі балада улану болды. Уланумен түскенде бұл негізгі емдеу шарасы", - деді облыстық балалар клиникалық ауруханасының ауыр соматика бөлімінің меңгерушісі Жанар Садықова.
Мұғалімдер Алима "Алтын белгіге" үміткер болғанын айтады. Алима ағылшын тілі курстарына қатысып, стюардесса болуды армандаған. Мектеп басшылығының айтуынша, оның ата-анасы баласының өміріне белсенді араласқан. Педагогтер бірден түсінік берді: оқушыға қатысты ешқандай қорлау немесе қатігездік байқалмаған.
"Қыз өте белсенді болды, барлық жарыстарға қатысты. Тоғыз жыл қатарынан сынып старостасы болды. Тоғызыншы сыныпты үздік, қызыл аттестатпен бітірді. Оның мінезінде тиянақтылық бар еді, өз пікірі болатын. Ол "Алтын белгіге" үміткер болды. Айта кетейін, мектепте балаға ешқандай қысым көрсетілмеді. Қыздың анасы әрдайым мектеп жиналыстарына қатысып жүрді", - деді М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Күзембаева.
Полицейлер Алима қауіпті интернет ойындар ойнамағанын және буллингке де қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"Мотив пен жағдайлар анықталуда. Сонымен қатар, қыздың қазасының интернет ойындармен немесе буллингпен байланысты емес екенін нақтылаймыз. Алматы облысының полиция департаменті әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Полиция қылмыстық іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындады.
ّّАқпарат stan.kz сайтынан алынды
-
Нөмір сатып алу өзгереді: SIM-карта енді дүкенде сатылмайды
18:12, 05 шілде 2025
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасымен құттықтады
17:47, 05 шілде 2025
-
Атырау облысында екі күн ішінде екі оқушы көз жұмды
15:52, 05 шілде 2025
-
Астана есімді 24 адам бар
15:48, 05 шілде 2025
-
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
14:07, 05 шілде 2025
-
Temu мен AliExpress балаларға қауіпті ойыншықтар сатқан
13:09, 05 шілде 2025
-
-
Атырау облысында белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды
10:19, 05 шілде 2025
-
-
«Нұр ағаның батасы ерекше қуантты»: Мұхаммеджан Тазабек 50-ге толды (ФОТО)
17:47, 04 шілде 2025
-
-
Диплом бар, жұмыс жоқ: Мыңдаған педагогтер жұмыс таппай сандалып жүр
21:43, 04 шілде 2025
-
-
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
14:07, 05 шілде 2025
-
-
Атырау облысында екі күн ішінде екі оқушы көз жұмды
15:52, 05 шілде 2025
-
Атырау облысында белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды
10:19, 05 шілде 2025
-
Temu мен AliExpress балаларға қауіпті ойыншықтар сатқан
13:09, 05 шілде 2025
-
Астана есімді 24 адам бар
15:48, 05 шілде 2025
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасымен құттықтады
17:47, 05 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
-
-
"Үкіметтің ақшасына оқыдың дейді": Айгүл Иманбаева өзін сынағандарды орнына қойды
15:07, 02 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025