Алматыдағы автобус көпірден басқа автобусқа құлады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең көпірінен автобус құлап кетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жол апаты 12 қыркүйек түнгі сағат 22:00 шамасында болды. Жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді.

Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.

12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Берік Дәкиев.

Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал жол апаты салдарынан кептелісте тұрған көлік саны бірнеше шақырымға жетті. Тоқтап тұрған көліктерді полиция тек екі сағаттан кейін жолдан өткізе бастады.

Автобус рухнул с Каскеленского моста в Алматинской области – на  микроавтобус - 13.09.2024, Sputnik Казахстан
Фото: sputnik.kz
EL.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...