Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды таптап өтті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Inbusiness.kz

Алматыда орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың мәлімдеуінше, автобус жүргізушісі 7 жасар баланы жаяу жүргінші өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тартылған. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі  inbusiness.kz порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

— Алматыда соңғы күндері екі ірі жол апаты болды. Соның бірі жүк көлігімен байланысты. Қаза тапқан бала жаяу жүргіншілерге арналған өткелмен өтіп бара жатқан. Бұл оқиға қала орталығында емес, Айнабұлақ ықшам ауданының шеткі бөлігінде орын алған. Аталған аумақта жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат бар. Жол апаты кезінде бала алдымен автобус жолын кесіп өтпек болады, бірақ ол қорқып, артқа шегінген кезде жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігі оны байқамай қағып кеткен, – деді Сұлтанбаев брифинг барысында.

Оның айтуынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін жауапкершілікке тартылған.

— Қылмыстық іс аясында жол-көлік оқиғасына қатысы бар әр азаматтың әрекеті заң аясында бағаланып, тиісті шешім қабылданады, – деп атап өтті ІІМ өкілі.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды анасының көз алдында қағып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)