Жаңалықтар

Алматыда Құрлық әскерінің сержанты жұмбақ жағдайда қаза тапты

Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің әскери институты ғимаратында 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info. Ресми орган бұл ақпаратты ішінара растады: ішкі істер министрлігі адам өлімі болғанын растаса да оның қай жерде, қандай жағдайда көз жұмғанын айтпаған. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, 44 жастағы марқұмның 3-санаттағы сержант шені бар.
«Оңтүстік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Барлық жаңалық