Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Алматы қаласының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Полиция мәліметіне сәйкес, оның үстінен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.
ПІКІР ЖАЗУ