Алматыда Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, өрт Ықылас, 7Б мекенжайында сағат 08:20-да басталды. Сондай-ақ ТЖД өртті оқшаулап үлгергендерін, енді оны толықтай сөндіру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.Алғашқы құтқарушылар құрамы келген сәттен бастап 32 минут ішінде өртті оқшаулау мүмкін болды, - Алматы қалалық ТЖД.