Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде «арықтағысы келген әйелдің ажал құшқаны» туралы пост жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, марқұмның артында екі бала қалған.
«Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды», — деді журналист.
Ол көз жұмған әйелдің ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім екенін атап өтті.
«25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм «Ұлағатты ұстаз» деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай?» — деді Гүлмира Әбіқай.
ПІКІР ЖАЗУ