Жаңалықтар

Алматы облысындағы дүлей дауыл бір адамның өмірін жалмаған

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні болған, деп жазады ozgeris.info сайты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Алматы – Бішкек" тасжолының 37-шақырымында қатты желдің салдарынан ағаш құлап, ер адамның өмірін қиған.
"Қазір аталған жағдай бойынша полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тарапынан жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде барынша сақ болуға және төтенше жағдайлар қызметінің ескерту, кеңестеріне құлақ асуға шақырамыз", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Барлық жаңалық