Жаңалықтар

Алматы облысында люкс көліктерді тонаған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі халықаралық және қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктерді тонап жүрген топты ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.Info. Алматы облысының аумағында 5 адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті. Олар ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы қылмыстық схеманы жолға қойған. «Қаскөйлер ұрлап әкеткен 6 көлік иелеріне қайтарылды. Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады ПД. ІІМ алаяқтардың алдау тәсілі туралы айтты:
  • көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулар бойынша хабарласу
  • тасымалдау қызметін ұсыну
  • тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстыру
  • екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды арту.
Барлық жаңалық