Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, ажал құшты

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

«Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз», — деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…