Жаңалықтар
«Алатау» театрында бас жүлдеге автокөлік берілді
Алматы қаласы күніне орай Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен және белгілі айтыскер ақын Ринат Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Алатау» театрында 12 қыркүйекте Жәнібек Кәрменов атындағы «Ән-Алматы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы, 13-і күні «Аманат» атты республикалық жыршылар фестивалі өтті. Ал 16-ы Жекпе-жек айтыс болады.
«Ән-Алматы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының мақсаты: Асыл қазынамыз дәстүрлі ән өнерімізді халыққа кеңінен таныту, ән өнеріндегі тұлғаларымызды және олардың шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ халықққа жас дарындарды таныстыру. Әділ қазылар құрамында: Жәнібек Карменовтің төл шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиев, Мәдениет саласының үздігі Берік Омаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова және Мәдениет саласының үздігі Тілеулес Құрманғалиев. Жүргізуші – Ерлан Рысқали.
Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені (автокөлік) Дияс Мұратхан (Алматы қаласы), I орынды (бір миллион теңге) Біржан Айтахметов (Абай облысы), II орынды (бес жүз мың теңге) Дәуренбек Слямғали (Павлодар облысы), III орынды (үш жүз мың теңге) Мөлдір Смайл (Қарағанды қаласы) иеленді.
«Аманат» атты республикалық жыршылар фестивалінің мақсаты: Дара дәстүрімізді жоғалтпай, ізін жалғаған жас жыршылардың есімдерін кеңінен таныту, ұлттық өнерді дәріптеу. Қатысушыларға 500 мың теңгеден гонорар берілді.
Жекпе-жек айтыстың мақсаты: 30 жылдан астам формасы өзгермеген айтыс өнерін жаңа арнаға салу, Алматының мыңжылдық тарихын, Тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген еліміздің жетістіктерін, бағындырған биіктерін, қарышты қадамын төл өнеріміз – айтыс арқылы жырлау, халықты өз отанын, елін, жерін, ұлттық құндылықтарды сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ринат Заитов
Қатысушылар: Қазірет Бердіхан – Алматы қаласы, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Асыл домбыра – 2021 иегері, Аспанбек Шұғатаев – Кереку өңірі, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Алтын домбыра иегері, Барыс орденінің иегері, Айшолпан Тілеутай – Абай облысы, республикалық «Алаш сенген жастар» атты жыр мүшайрасының, халықаралық «Мәңгілік ел – менің елім» жыр мүшайрасының жеңімпазы, «Жұлдызды жекпе-жек» айтыс шоуының көрермен көзайымы, Мұрадым Мирланов – Орал қаласы, республикалық «Жалындаған Жайық-жыр» айтысының бас жүлдесінің, республикалық айтыстардың жеңімпазы.
Осы уақытқа дейін Алматының жасын анықтау бойынша біршама зерттеу жүргізіліп, игілікті жұмыстар жолға қойылды. Академик Карл Молдахметұлы Байпақов бір сұхбатында «1858 жылы Абрамова деген өлкетанушы Алматы туралы шағын зерттеуін жазған. Алматы туралы Владимир Бартольд пен академик Әлкей Марғұланның, археолог Кемел Ақышевтың жазған зерттеулері бар. Арғыдағы зерттеушілерді айтпағанда, бергідегі Алматыны зерттеу ісінде Шоқан Уәлиханов көп із қалдырған», – дейді. Еліміздің айтөбел археологтары мен тарихшыларының Алматының жасын «1000» деп белгілегендері белгілі. Кейбір ғалымдар Алматының тарихы 1 мың жылмен де шектелмей, бұдан да көне қала болып шығуы мүмкін екенін айтады. Алматының жасын анықтау кезінде табылған күміс теңгелерге де арқа сүйелді. Теңгелердегі «Алмату» деген сөзді алғаш оқыған – нумизмат Владимир Настич. Ғалым «Алмату» кейіннен сәл өзгеріске ұшырап, «Алматы» болғанын түсіндіреді. Бұл қазақ тарих ғылымындағы сенсация болды. Яғни Алматының сан ғасырлық тарихы бар екені дәлелденді.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Қазіргі таңда Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып есептеледі.
Алматыда қала күні жыл сайын қыркүйек айында дәстүрлі түрде атап өтіледі.
Алматымыз дами берсін!
Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
Демалыстан кейін қалтаңыз босап қалмасын десеңіз...
16:19, 13 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025