Шоу-бизнес

Актриса Жарқынай Ханайым «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Актриса Жарқынай Ханайымға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы табысталды. Бұл сәттің видеосын актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ұстаздарына алғысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл атақты маған білімін берген, еңбегін сіңірген ұстаздарымның ақталған еңбегі деп білемін", - деп жазды Жарқынай Ханайым Instagram-дағы парақшасында.

Актриса өзіне артылған сенімді ақтау үшін бар күшін салатынын жеткізді.

"Өнер жолында тоқтамай, еңбек етуіме үлкен шабыт деп қабылдаймын. Өздерінен оздырып, мен сахнаға шыққанда тақымын қысқан ұстаздарыма алғысымды білдіремін", - деді ол.

Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары актрисаны құттықтап, ақ тілектерін жазып жатыр.

Барлық жаңалық